Волейбол: «Жетісу» әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстанның XVII чемпионаты аяқталды.
Оның қорытындысы бойынша Алматы облысының «Жетісу» командасы ел чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Күміс жүлдені Алматының «Алматы» клубы, қола медальді елорданың «Астана» командасы жеңіп алды. Соңғысы 3-ші орын үшін болған кездесуде Павлодардың «Ертіс-Қазхром» клубынан басым түсті. Айта кетейік, чемпионаттың плей-офф ойындары Талдықорғанда өтті.