Волейбол: "Жетісу" командасы көш тізгінін берер емес
Онда мүмкін болған 10 ұпайдың 9-ын өз қоржынына салған Алматы облысының «Жетісу» командасы 29 ұпаймен турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді сақтап қалды. Алғашқы 2 турда жеңілістің ащы дәмін татпаған «жетісулықтар» 9 ақпанда Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромына» ғана 2:3 есебімен есе жіберген болатын. 3-турда турнир кестесінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. 24 ұпаймен үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының волейболшылары («Қарағанды») «Ертіс-Қазхроммен» арадағы ұпай айырмашылығын 1 ұпайға дейін қысқарта алды. Ал 4-6 орындарда келе жатқан астаналықтарда 22 ұпай, алматылықтарда 20 ұпай және Теміртаудың «Металлург АМТ» командасында 15 ұпай бар. Жалпы, ел чемпионатының келесі туры енді 5-10 наурыз күндері Қарағандыда өтетін болады.