Волейбол: Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командаларының көшбасшылары 5-турды сәтті бастады

АЛМАТЫ. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының ақтық туры өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні турнир кестесіндегі алғашқы төрттік өз жеңістерін тойлады.

Волейбол:  Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командаларының көшбасшылары 5-турды    сәтті бастады

5-турдың екінші кездесулері бүгін Алматы мен Қызылжар, Атырау мен Павлодар және тағы бір алматылық "ҚазҰАУ" мен Астана, Шымкент пен Орал қалаларының волейболшылары арасында өтпек. Бірінші кездесуде "Ұшқын-Искра" мен "Атырау-2", "ОҚМУ-Қазығұрт" пен "ЦСКА-Алматы" арасындағы ойын 3:0,"Ертіс -АО АҚ" мен "Есіл-Виктория" сайысы 3:2, ал "Жайық-Конденсат" пен "ҚазҰАУ" арасындағы сын 3:1 есебімен аяқталған болатын.