13:20, 25 Қазан 2012 | GMT +5
Волейболдан 17 жасқа дейінгі бозбалалар арасында Азия чемпионатын қазақстандықтар сәтсіз бастады
АЛМАТЫ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Иранның Тегеран қаласында волейболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ІХ Азия чемпионаты басталды. Онда «В», «С», «Д» топтарындағы командалардың алғашқы 3 ойыны да 3:0 есебімен аяқталды. Атап айтқанда, қазақстандықтар тайландтықтарға, австралиялықтар оңтүстік кореялықтарға, түркіменстандықтар үндістандықтарға есе жіберді.
Бүгін енді «А» тобынан Иран мен Шри-Ланка, «В» тобынан Қазақстан мен Қытай, «С» тобынан Тайпей мен Оңтүстік Корея,«Д» тобынанЖапония мен Үндістан құрамаларының кездесулері өтуде. Ал ертең Таиланд пен Қытай, Австралия мен Тайпей, Түркіменстан мен Жапония спортшылары топтық кезеңдегі соңғы ойындарын өткізеді. Онда өз тобында 1-2 орын алғандар 27-28 күндері, 1/8 финалдық ойында 1-8 орынға, 3 орын алғандар 9-13 орынға таласады. Одан кейін 30-ы ширек, 31-і жартылай, ал 1 қарашада ақтық сайыстар болады.