Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. D тобында сынға түскен Қазақстан командасы алғашқы матчта Кениядан ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

Қазақстандықтар үш партия қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Есеп: 23-25, 22-25, 21-25. 

Кездесу Жапонияның Хамамацу қаласында өтті. Біздің құрама сапынан ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады. Оның еншісінде 11 ұпай бар. 

Ертең Қазақстан волейболшылары Пуэрто-Рикоға қарсы ойнайды.