Волейболдан «Әлемдік Гран-При-2013» маусымының кезеңдік жарыстарының бірі Алматыда өтуі мүмкін

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халықаралық волейбол федерациясы әйелдер арасындағы «Гран-При-2013» маусымының кіріспе кезеңінің күнтізбесін жариялады. Биыл бұл дүбірлі додаға АҚШ, Аргентина, Болгария, Бразилия, Германия, Голландия, Доминикан, Жапония, Италия, Қазақстан, Қытай, Куба, Польша, Пуэрто-Рико, Ресей, Сербия, Таиланд, Түркия, Чехия және Африка құрлығынан бір мемлекет қатыспақ.
None
None

Бірінші тур 2-4 тамызда Италияда өтеді. Онда қазақстандықтар «Е» тобында Италия, Германия, Аргентина құрамаларымен сайысқа түседі. Одан кейін 9-11 тамызда Польшадағы екінші турда «Н» тобында Жапония, Германия, Польша волейболшыларымен кездеседі. Ал  Қазақстан волейбол федерациясы техникалық рәсімдерді бекітіп, мақұлдаса 16-18 тамызда өз алаңыңда «К» тобында Бразилия, Голландия және Куба командаларымен күш сынасады.

Жалпы биыл Әлемдік Гран-При додасына қатысатын командалар саны 16-дан 20-ға дейін ұлғайып отыр. Халықаралық волейбол федерациясы оның қатарына Еуропа чемпионы ретінде Ресей, Әлем кубогының иегері ретінде Италия, Биылғы «Гран-При» жарысының қола жүлдегері ретінде Түркия мен Германияны қосты.

Қазақстан құрамасы онда 9 кездесу өткізеді. Онда қонақта бір-бір матчтан Италия мен Польшамен, ал бейтарап алаңда Аргентина мен Жапониямен және екі рет Германиямен ойнайды. Ал өз алаңында Лондон Олимпиадасының чемпионы Бразилия және Куба мен Голландия командаларымен кездеседі. Ақтық турнир Жапониядағы Саппорода 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған алаң қожайындарынан бөлек кіріспе кезеңінің қорытындысы бойынша 5 үздік құрама катысатын болады.

Соңғы жаңалықтар