Волейболдан Алматыда өтіп жатқан XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турниріндегі алғашқы кездесулер 3:0 есебімен аяқталды

; АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда жалауын көтерген волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасындағы "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турниріндегі алғашқы 4 кездесуде де бірдей есеп тіркелді.
None
None

Алаңға бірінші боп әйелдер шыққан болатын. Онда Украина ұлттық құрамасы Қытайдың "Джиангсу" волейбол клубынан 0:3 (15:25, 16:25, 22:25) есебімен ұтылды. Одан кейін ерлер арасында Қазақстанның бірінші және екінші командасы өзара кездесіп, бұл ойын да 3:0 (25:11, 25:22, 25:23) есебімен аяқталды. Бұл көрсеткіш әйелдер арасындағы қазақстандық екі команданың арасындағы сайыста да қайталанды (27:25, 25:19, 25:21).

Алғашқы күнгі ойынды ерлер арасында Тунис пен Иран құрамаларының арасындағы кездесу (20:25, 21:25, 18:25) түйіндеді. Бүгін әйелдер арасындағы Қазақстанның 2-ші командасы қытайлық құрбыларымен, бірінші командасы Украина құрамасымен ойнайды. Ал ерлер арасындағы 2-ші командасы Иран құрамасымен кездессе, Ресейдің «Локомотив-Изумруд» командасы Тунис құрамасымен сынға түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар