Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында 3 команда жеңіліссіз келе жатыр

АЛМАТЫ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан әйелдер командалары арасында Алматыда өтіп жатқан   Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша  "Жетісу", «Ертіс» және «Астана» командалары  жеңіліссіз келе жатыр,

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында  3 команда жеңіліссіз келе жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі ойында теміртаулық «Спартак»  пен «Металлург» командалары арасындағы  кездесу 3:1 есебімен (25-27, 25-21, 25-19, 25-19) аяқталды. Талдықорғандық  «Жетісу» алаң  қожайындарының «Алматы»  командасын (3:0)  ойсырата ұтты. Өскеменнің «Шығысы» павлодардың «Ертісінен» (1:3),   оралдың «Грациясы» елорданың «Астанасынан» (0:3) ұтылды. Кеше   астаналық волейболшылар өскемендік құрдастарын 3:1, ал  «ертістіктер» "метаталургшыларды», "жетісулықтар"  "спартакшыларды",   "алматылықтар"  "грациялықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Әзірге өткен жылғы ел кубогының 1-3 орындарын өзара бөліскен 3 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр.  Енді ертеңгі ойындар   «Ертіс» пен «Грация», «Астана» мен «Жетісу»,  «Металлург» пен  «Шығыс», «Алматы» мен «Спартак» командалары арасында өтеді.