Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Таиландтан жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Тяньцзинь қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобындағы қорытынды кездесуін өткізді.

Казахстан обыграл Австралию на чемпионате Азии по волейболу
Фото: ҰОК

Қазақстандықтар В тобында бұл жолы Таиланд құрамасына тап келді. Фавориттердің бірінен саналатын таиландтықтар осыған дейін Аустралия және Индонезия командаларын 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алған еді. 

Бірінші партия 25:22 есебімен таилықтардың пайдасына шешілді. Екіншісінде олар 13:9 есебімен алға шыққанымен, қазақстандықтар таразы басын теңестіре алды – 13:13. Бірақ одан әріге шамасы жетпеді – 16:25.

Үшінші сетте қазақстандықтар 7:4, 18:14 есебімен алға шығып, соны пайдалана білді – 25:23. Дегенмен төртінші партияда Таиланд бет қаратпады – 25:11. Қорытынды есеп – 3:1, Таиландтың пайдасында.

Ширек финалға шыққан командалар топтық бәсекелер аяқталғаннан кейін белгілі болады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталғанын жазған едік. 

Сондай-ақ волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Индонезияға есе жіберді. 

Волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Аустралиядан басым түсті.