Волейболдан Азия чемпионаты: қазақстандықтар Вьетнамнан жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының аяқталуына бір күн қалғанда, бес сеттік ауыр жарыста Вьетнам командасына 2.3 (22:25, 18:25, 25:21, 25:20, 5:15) есебімен есе жіберді. Бұл туралы Sports.kz. хабарлады.
Алғашқы екі партияда Вьетнам құрамасы алда болды, кейін Қазақстан 3-ші, 4-ші сеттерде жеңіп, есепті теңестірді. Тай-брейкте вьетнам волейболшылары басым түсіп, кездесуде жеңіске жетті.
Азия чемпионатының қорытынды ойынында Қазақстан құрамасы чемпионатты қабылдаушы ел Филлиппин командасына қарсы 7-ші орын үшін таласады.