Волейболдан дәстүрлі республикалық турнир аяқталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Арал ауданында Асхат Ахановты еске алуға арналған волейболдан 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, және Қызылорда облыстарынан 28 команда (ұлдар - 17, қыздар 11 команда), барлығы 280 спортшы қатысты.
Нәтижесінде, ұлдар арасында Шиелі ауданының №9 ОРМБЖМ командасы турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды - Арал ауданының Жақсықылыш кенті, үшінші орынды Арал ауданының №19 ОРМБЖМ командалары еншіледі.
Қыздар арасында Ақтөбе қаласының спортшылары мықтылықтарын дәлелдесе, күміс жүлде - Ырғыз ауданына, қола жүлде Арал ауданының №19 ОРМБЖМ командасына бұйырды.
Турнир үздіктері:
Ұлдар арасында:
Үздік қорғаушы - Нұрдәулет Тенеладинов (Ақтау)
Үздік байланыстырушы - Бекарыс Ғабитұлы (Ақтөбе)
Үздік шабуылшы - Ержан Адаев (Ақтөбе)
Қыздар арасында:
Үздік қорғаушы - Анар Баймағанбетова (Ақтөбе)
Үздік байланыстырушы - Айдана Молдабек (Маңғыстау)
Үздік шабуылшы - Ақжелең Құрманова (Шиелі)