Волейболдан ел чемпионатының 4-турында хромтаулықтар жеңіске жетті
АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде волейболдан жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-туры аяқталды.
15 наурызда басталған бұл бәсекеде Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасы барлық қарсыластарынан басым түсті. «ВСМК-АрселорМитталмен) (Теміртау) ғана ұпай (3:2) бөліскен олар мүмкін болған ең жоғарғы 15 ұпайдың 14-ін иеленді. Онда өз қоржынына теміртаулықтар - 11, тараздықтар («Тараз-ТарМУ») - 9, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») мен қызылордалықтар («Қорқыт Ата - ҚМУ») - 5 ұпай салса, қостанайлықтар («КИиЭУ») бірде-бір ұпай қоса алмады.