Волейболдан ерлер командалар арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтеді
АЛМАТЫ. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазанның 13-і күні Хромтау қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталады.
Оған Хромтаудың «Казхром», Атыраудың "Атырау", Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс", Оралдың "Конденсат", Қызылжардың "Есіл", "Астананың "Ұшқын", Семейдің "Семей" және Павлодар облысының "Ертіс-АО АК" командалары қатысады. Қазанның 20-сына дейін созылатын бұл додада үздік шыққан 4 команда жартылай және ақтық сындарда кездесуге жолдама алады. Жалпы Қазақстан кубогы ойындарына XVIII ел чемпионатының жеңімпазы саналатын "алматылық" волейболшылар қатыспайды.