Волейболдан ерлер командалары арасында «ҚР Президенті кубогы» халықаралық турнирінің алғашқы матчының жеңімпазы анықталды
АЛМАТЫ. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында волейболдан ерлер командалары арасында «ҚР Президенті кубогының» ХІХ халықаралық турнирі басталды.
Онда ең бірінші болып Қытайдың «ВАІС Mотоr» клубы мен «Қазақстан-2» командалары кездесті. Бұл ойын 3:0 (25-20, 25-23, 25-15) есебімен қонақтардың есебіне шешілді. Бүгін енді Таиланд пен Тунис, «Қазақстан-1» мен Бахрейн құрамалары да алғашқы ойындарын өткізеді. Ал жарысты жеңіліспен бастаған Қазақстанның жастар құрамасы екінші кездесуін ертең Таиланд волейболшыларымен өткізеді. Ал Қазақстан құрамасы «ВАІС Mотоr» клубымен өзара сайысқа түсетін болады.