Волейболдан ІІ Азия Кубогына қатысатын ұлттық құрама соңғы оқу-жаттығу жиынын Қытайда өткізеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қыркүйектің 10-ы күні волейболдан Ольга Щербакова жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Қытайдың Нанджинг қаласына аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.
None
None

Бір апталық бұл жиыннан кейін олар қыркүйектің 17-сі күні Тайсанг қаласына сапар шегеді. Онда қыркүйектің қыркүйектің 19-25 күндері ІІ Азия Кубогы өтпек. Бас бапкер О. Щербакова бұл спорт додасында - Сана Жарлағасова, Наталья Жукова, Татьяна Пюрова, Ольга Карпова, Ольга Наседкина, Олеся Арсланова, Алена Омельченко, Коринна Ишимцева, Ирина Лукомская, Елена Эзау, Марина Стороженко, Юлия Куцко, Людмила Анарбаева, Инна Матвеева мен Ольга Дробышевскаяға үміт артып отыр. Азияның үздік 8 құрамасы бас қосатын бұл байрақты бәсекеде қазақстандық қыздар Корея, Қытай және Иран елінен келген құрбыларымен бірге «А» тобында бақ сынайды. Ал «В» тобына Вьетнам, Тайпей, Тайланд және Жапония құрамалары еніп отыр. Қазақстандықтар бірінші ойынын қыркүйектің 19-ы күні Корея, екінші ойынын 20-сы күні Қытай, ал 21-і күні үшінші ойынын Иран спортшыларымен өткізеді. Топтық кезеңнен кейін бір күн демалыс жариялаған командалардың қыркүйектің 23-інде ширек, 24-інде жартылай, 25-інде ақтық ойындары болады.

Соңғы жаңалықтар