Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында Тайваньмен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында 5-8 орындар үшін Тайваньмен шеберлік байқасады.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 9:00-де басталады.
Қазақстандық волейболшылар Азия ойындарында топтық кезеңде Филиппинді 3:1 есебімен жеңсе, Қытайға 0:3 есебімен есе жіберді.
Одан кейін плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мәдина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғап жатыр.
Қазірге дейін волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы алты мәрте бақ сынады. 2010 жылы дүбірлі додада қола жүлдегер атанды.
Екі құрама қазірге дейін он екі мәрте кездесті. Оның бесеуінде отандастарымыз жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберіп қойды. Соңғы үш кездесуде тайваньдық волейболшылар басым түсті.