Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогінің қола жүлдегері атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньчжэнь қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Азия кубогінің қола жүлдегері анықталды.
Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстан құрамасы Жапон қыздарын 3:2 (26:28, 25:23, 25:14, 19:25, 15:7) есебімен ұтып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Финалда Қытай мен Оңтүстік Корея командалары кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады. Кеше қазақстандық қыздар жартылай финалда Оңтүстік Кореядан ұтылып қалған болатын.