15:37, 14 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Волейболдан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңінде ұпай саны бойынша 3 команда үзеңгі қағысып келе жатыр
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Өскемен қаласында ерлер командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі тартысты өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.
Алғашқы 2 ойында Алматының ЦСКА, Семейдің "Семей", Павлодардың "Ертіс", Петропавлдың "Есіл" командалары алғашқы 2 ойынды өз пайдаларына шешті. Алматының "ҚазҰАУ", Тараздың "Тараз-ТарГУ", Теміртаудың "ВСМК Арселор Миттал", Шымкенттің "ЮКО", Петропавлдың "Есіл-Виктория" командалары болса жеңілістен көз ашпады. Ал әзірге 1 ғана ойын өткізген Өскеменнің "Шығыс-ҚорғанысҚұрылыс- 2" мен Астананың "Ұшқын" командаларының қоржынында бір-бірден жеңіс бар. Бұл сайыс қыркүйектің 17-сіне дейін созылмақ. Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша қазір барлық қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата ұтқан "Семей", "Есіл", "Ертіс" командалары бірдей ұпайға ие.