Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Сурабаяда ерлер командасы арасында волейболдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады sports.kz.
Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші матчында партия бойынша 0.2 есебімен Катар командасын жеңді. Кездесудің бірінші жартысында екі партияны 25.18, 25.20 есебімен ұтып, катар волейболшылары үстем шыққан.
Үшінші партия барлық матчта негізгі болды. Шешуші партияда Қазақстан құрамасы 15.10 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
Жеңісті еңсерген Қазақстан құрамасы 2 ұпай, Катар 1 ұпайға ие болды. «А» тобының көшбасшысы төрт сетте Сауд Арабиясын ұтқан турнир иесі Индонезия командасы болды.
25 шілдеде Қазақстан құрамасы Индонезияға қарсы топтық сатының екінші ойынын өткізеді.