Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогінің топтық кезеңін сәтті аяқтады

Қазақстанның волейболдан ерлер құрамасы Тайландта өтіп жатқан Азия Кубогінің топтық кезеңін сәтті аяқтады, деп хабарлайды sports.kz.

Волейболдан Қазақстан құрамасы Азия Кубогінің топтық кезеңін сәтті аяқтады

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Игорь Никольченконың командасы төрт партияда алаң иелері Тайланд құрамасын жеңді.

Қорытынды есеп 3:1 болып, қазақстандықтардың пайдасына шешілді.

Осы жеңістің арқасында қытайлық Тайпей командасының жеңілуіне байланысты қазақстандық волейболшылар өз тобында екінші орынды жеңіп алды. Ширек финалда еліміздің құрамасына «В» тобында үшінші орынды жеңіп алған жапониялық команда қарсы шығады.

Ширек финал 26-қыркүйек күні өтеді.