00:55, 28 Шілде 2012 | GMT +5
Волейболдан Қазақстанның әйелдер арасындағы ұлттық құрамасы Қытайда оқу жаттығу жиынын өткізеді
АЛМАТЫ. 28 шілде. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстанның әйелдер арасындағы ұлттық құрамасы 10-30 тамыз күндері Қытайда оқу жаттығу жиынын өткізеді.

Бұл Александр Гутор жаттықыратын спортшылардың 10-16 қыркүек күндері Алматыда өтетін XIX «ҚР Президенті кубогы» халықаралық турнирі қарсаңында үшінші жиыны болмақ. 8 тамызға дейін олар Бурабайдағы «Жақсы» спорттық лагерінде жаттығатын болады. Бас бапкер жиынға «жетісулық» Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Людмила Анарбаева, Марина Стороженко, Ирина Шенбергер, «алматылық» Сана Жарлағасова, Людмила Исаева, Ирина Лукомская, Татьяна Афанасьева, Елена Гордеева, «астаналық» Зарина Сейітқазинова, Ольга Карпова, «Ертіс-Қазхромдық» Инна Матвеева мен Канададан Алена Омельченконы шақырып отыр.