Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарының ширек финалына шықты
АЛМАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарының ширек финалына шықты.
Біздің команда жартылай финалға өту үшін Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.
Алғашқы кезеңде оңтүстіккореялықтар Қытай, Таиланд, Тәжікстан мен Моңғолия құрамаларымен бірге А тобында өнер көрсеткен еді. Бұл сында Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдив аралдары және Солтүстік Корея волейболшыларын ұтқан қазақстандықтар В тобында үздік шықты. Енді олар жеңісті жолын жартылай сында сәтті жалғастыра алса, 27 қараша күні ақтық сында өнер көрсететін болады.