Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тайваньда өтетін 2010 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне қатысады

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы тамыздың 28-30-ы күндері Тайваньда өтетін 2010 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне қатысады,

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Тайваньда өтетін 2010 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің үшінші кезеңіне қатысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Чиа И қаласында болатын аталмыш кезеңде біздің команда Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Қытайдың Тайпей командаларымен шеберлік байқасады. Бұл кезеңде 1-ші және 2-ші орын алған құрамалар 2010 жылы қазанның 29-ы мен қарашаның 14-і аралығында Жапонияда өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Чемпионатқа барлығы 24 команда қатысады. Қазіргі таңда 20 команда біріншілікке жолдама алып қойды. Олар: Бразилия, Перу, Жапония, Қытай, Тайланд, Хорватия, Чехия, Түркия, Германия, Италия, Польша, Ресей, Сербия, Голландия, Алжир, Кения, Куба, АҚШ, Пуэрто-Рико и Доминикан Республикасы.