Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы «Вьетнам телевидениесі кубогын» сарапқа салуға қатысады
АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның әйелдер құрамасы 12-22 шілде күндері волейболдан Ханойда өтетін «Вьетнам телевидениесі кубогы» халықаралық турниріне қатысады.
Кешеден бері олар Алматыда екінші оқу-жаттығу жиынынын өткізіп жатыр. Ол 4 шілдеге дейін созылмақ. Бас бапкер Александр Гутор бұл жиынға - «Алматыдан» СанаЖарлығасова, ИринаЛукомская, Татьяна Афанасьева, ЕленаГордеева, ЛюдмилаИсаеваны, «Жетісудан» Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, ЛюдмилаАнарбаева, МаринаСтороженко, Ирина Шенбергерді, «Астанадан» ОльгаКарпова мен Юлия Куцконы, «Ертіс-Қазхромнан» Инна Матвееваны және Канададан Алена Омельченконы шақырып отыр.
Хорватиядағы алғашқы жиыннан кейін құрама сапында бірқатар өзгерістер болды. Бұл жолы команда сапына алматылық Людмила Исаева қосылғанмен, Зарина Сейітқазинова («Астана») мен Наталья Акилова («Спартак АМТ») Вьетнамға бармайтын болды.