Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында 9-орын үшін Пәкістанмен сынға түседі

АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы кеше 9-12 орындар үшін өткен жарыста Тайпей спортшыларынан 3:2 есебімен басым түсті.

Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия ойындарында  9-орын үшін Пәкістанмен сынға түседі

Бұған дейін олар алғашқы кезеңде өз топтарында 3-4 орын алған командалармен бірге бірге 9-16 орындар үшін өткен дәрежелік сайыстарда Кувейт (3:1) пен Мьянма (3:0) құрамаларынан басым түскен еді. Ертең енді Геннадий Паршиннің тәлімгерлері 9-орын үшін ақтық кездесуін пәкістандық құрдастарымен өткізбек. Ал алғашқы кезеңде өз топтарында 1-2 орын алған командалардың ақтық ойындары 24 қараша күні өтеді. Онда 13 қарашада жалауы көтерілген XVI Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.