Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Волейболдан қыздар командасы жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан қыздар командасы жастар арасындағы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Вьетнамның Ханой қаласында құрлық додасының жалауы желбіреді. Қазақстандық волейболшылар Гонконг, Шри-Ланка және Макаомен бірге D тобына түсті. Бірінші кездесуде Қазақстан командасы Макаомен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.