Волейболдан Орталық Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — 22-29 шілде аралығында Пәкістанның Исламабад қаласында өтетін CAVA Men’s Volleyball Championship 2026 турнирінде ел намысын қорғайтын ерлер ұлттық құрамасының соңғы құрамы жарияланды.
Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты.
№1 Ерікжан Бөкен,
№2 Муроджон Хавазматов,
№3 Нұрлыбек Мақсат,
№4 Азамат Сейілханов,
№8 Айбек Жақсылықов,
№13 Владислав Кунченко,
№21 Нұрлыбек Нұрмахамбетов (капитан),
№22 Илья Таволжанский,
№23 Дінмұхаммед Қабдулов,
№27 Асылхан Ізбергенұлы,
№28 Әділжан Балтабаев,
№39 Антон Кузнецов,
№52 Клим Рюхов,
№66 Владислав Мастихин.
Бапкерлер құрамы:
Бас бапкер — Сергей Трикоз, аға жаттықтырушы — Антон Рубцов, жаттықтырушы — Айбат Неталин.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
22 шілде. Сағат 10.30
Қазақстан — Шри-Ланка.
23 шілде. 13.30
Қазақстан — Непал.
24 шілде.13.30
Ауғанстан — Қазақстан.
26 шілде. 10.30
Бангладеш — Қазақстан.
27 шілде. 16.00
Пәкістан — Қазақстан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында қола жүлде алғанын жазған едік.