Волейболдан Ұлттық лигада ел чемпионатының 3-туры павлодарлықтар үшін сәтсіз өтуде

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Астанада өтіп жатқан  ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» тағы да ұпай жоғалтты.

Волейболдан Ұлттық лигада ел чемпионатының 3-туры павлодарлықтар үшін сәтсіз өтуде

Олар кеше өздерін өкшелеп келе жатқан Қарағанды облысының («Қарағанды») спортшыларына 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша 2-орында келе жатқан павлодарлықтар қазір өз орнын астаналықтарға босатып берді. Енді бүгін алматылықтармен («Алматы»), ал ертең  теміртаулықтармен («МеталлургАМТ») болатын 2 ойында тағы да ұпай жоғалтатын болса турнир кестесінде 4-орынға түсіп қалуы мүмкін.

Қазір өз қоржынын  «Жетісу» - 48, «Астана» - 34,  «Ертіс-Қазхром» - 29, «Қарағанды» - 25, «Алматы» - 16, «Металлург АМТ» - 13,  «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» 6 ұпайға жеткізді. Олардың ішінде бұл турда тек өскемендіктер ғана бірде-бір ұпайға қол жеткізе алмады. Ал ұпай жинау жағынан жетісулықтар алда келе жатыр. Алматы облсының спортшылары әлі бірде-бір рет жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.