10:08, 22 Қараша 2011 | GMT +5
Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 1-турындағы 3 кездесуде де бірдей есеп тіркелді
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өскеменде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.

Кеше Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласының спортшылары алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Онда теміртаулық («Металлург АМТ»), алматылық және өскемендік (Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») волейболшылар қарсыластарына 0:3 есебімен ойсырай ұтылды. Бүгін енді биылғы ел чемпионы Алматы облысының «Жетісу» командасы алғашқы кездесуінде біріншіліктің күміс жүлдегері Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромымен» сайысқа түседі. Ал теміртаулықтар астаналық, өскемендіктер қарағандылықтармен күш сынасады. Жұпсыз қалған «Алматылықтар» енді ертеңгі «Металлург АМТ» спортшыларымен болатын ойынға дайындығын пысықтайтын болады.