Волейболдан Ұлттық лигадағы ел чемпионатының көшбасшылары арасындағы кездесу қорытындысы теңесті

АЛМАТЫ. 8 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХI Қазақстан чемпионатының 4-ші турында «Алматы» мен «ТНК Қазхром» арасындағы текетірес қыза түсті.
None
None

Алғашқы 2 турда 2:3 есебімен хромтаулықтарға есе жіберген алматылықтар соңғы 2 турда дәл осындай есеппен қарсыластарынан басым түсіп, жалпы кездесу қорытындысын теңестірді. Қазір олар турнир кестесінде 19 ойыннан кейін 43 ұпаймен көшбасшылық тізгінді өз қолына берік ұстап келе жатыр. Одан бір ойыны артық «ТНК Қазхром» 39 ұпаймен - екінші, «Конденсат» (Орал) 33 ұпаймен - үшінші, «Атырау» мен «Павлодар» 32 ұпаймен 4-5 орында, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) - 6-шы, ал 19 кездесуде 12 ұпай жинаған «Есіл» (Қызылжар) турнир кестесін түйіндеуде.

Бүгін өскемендіктер - алматылық, қызылжарлықтар - оралдық, атыраулықтар павлодарлық волейболшылармен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар