Волейболдан Жоғарғы лиганың әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші туры басталды

Одан кейін «Қостанай мен «Қарағанды-2», Павлодардың «Ертіс-Қазхром-2» мен Астананың «Грация-Астана KZ» волейболшылары өзара күш сынасады. Бұған дейінгі 13-18 қараша күндеір Алматыда және 13-18 желтоқсанда Өскеменде өткен турларда қостанайлықтар мен астаналықтар өз қарсыластарын 3:0, ал өскемендіктер 3:2, 3:0 есебімпен ұтқан болатын. Қазір 10 ойыннан кейін өскемендіктерде - 27, қостанайлықтарда - 23, астаналықтарда - 15, теміртаулықтарда - 14, павлодарлықтарда - 8, қарағандылықтарда - 2 ұпай бар. Үшінші турдағы бұл сайыста командалар сенбіде бір күн тынығып, 17-18 ақпанда ақтық 2 кездесулерін өткізетін болады.
Сондай-ақ Астанада 13-18 ақпан күндері волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары өтеді. Бұған дейін 13-18 қараша мен 13-19 желтоқсан күндері Алматыда өткен алғашқы 2 турда бірде-бір ойында жеңілмеген Алматы қаласының «Алматиночка» командасы 10 кездесуде ең жоғарғы 30 ұпайды түгел өз қоржынына салған болатын. Одан кейінгі орында Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» (21 ұпай), Солтүстік Қазақстан облсының «Қуаныш и К» (17 ұпай), Алматы облсының «Жетісу-2» (12 ұпай), Астана қаласының «Оқушылар сарайы» (6 ұпай) мен Алматы қаласының «ЦСКА-ВКС-КазАСТ» (4 ұпай) командалары өзара бөлісті.
Енді 3-ші тур ойындары Алматы мен Оңтүстік Қазақстан волейболшыларының матчымен басталды. Одан кейін алматылық қос команда өзара кездеседі. Ал алғашқы жарыс күні астаналықтар мен солтүстікқазақстандықтардың сайысымен аяқталмақ. Бұған дейін «жетісулықтар» қарсыласына 2 рет 0:3 боп ұтылса, «алматиночка» өз жерлестерін 3:0 етіп жеңген. Астаналықтар болса бірінші кездесуін 3:0 етіп аяқтағанымен, екінші ойында 1:3 есебімен жеңіліс тапқан еді.