Волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатын алматылықтар сәтті бастады

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Жоғарғы лиганың «А» және «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан чемпионатының бірінші туры өтіп жатыр.

Волейболдан Жоғарғы лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасындағы  ел чемпионатын алматылықтар сәтті бастады

Алғашқы 2 ойынның қорытындысы бойынша «А» тобында 6 ұпаймен «Қостанай» мен «Грация Астана KZ» көш бастауда. Олардан 1 ұпайы кем өскемендік «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» үшінші сатыда тұр. «Спартак АМТ»  (Теміртау) қоржынында - 1, «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) мен «Қарағанды-2» командаларында  бірде-бір ұпай жоқ. Ал бұл топтан биылғы маусымда «Б» тобына түсіп қалған «Алматиночка-Алматы» командасының қазіргі қарқыны көңіл қуантарлықтай болып отыр. Олар қазір 6 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» командасымен үзеңгі қағыстырып қатар келе жатыр. Одан кейінгі орындарды 3 ұпаймен Астананың «Оқушылар сарайы» мен Қызылжардың «СКО» командалары өзара бөліссе, қоржыны бос келе жатқан Алматы облсының «Жетісу-2» мен Алматының «ЦСКА-ВКС-ҚазАСТ» волейболшылары турнир кестесін түйіндеуде.