Волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-ші тур ойындары аяқталды

Ондабес кездесудемүмкін болған ең жоғары - 15 ұпайдың 14-ін өз қоржынына салған Алматы қаласының «Алматиночка-Алматы» командасы өзінің жеңісті сериясын одан ары жалғастырды. Ал 10 ұпайдан еншілеген Солтүстік Қазақстан облсының «Қуаныш және К» және Оңтүстік Қазақстан облысының «Қазығұрт» командалары сәйкесінше екінші, үшінші орындарды алды. Алаң қожайындарының «Оқушылар сарайы» 8 ұпаймен - төртінші, Алматы облысының «Жетісу-2» волейболшылары 3 ұпаймен бесінші орынға табан тіресе, қоржынына бірде-бір ұпай сала алмаған Алматы қаласының «ЦСКА-ВКС-ҚазАСТ» командасы көш соңында қалды.
Қазір 3 турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде он бес ойыннан кейін 44 ұпаймен «Алматиночка-Алматы» өзгелерден ұзап кетті. «Қазығұрт» 28 ұпаймен - екінші, «Қуаныш и К» 27 ұпаймен - үшінші, «Жетісу-2» 15 ұпаймен - төртінші, «Оқушылар сарайы» 14 ұпаймен - бесінші, «ЦСКА-ВКС-ҚазАСТ» 4 ұпаймен алтыншы орында тұр.
Келесі тур наурыз айында Астанада қайта жалғасады. Бұған дейін 1-2 тур 13-18 қараша мен 13-18 желтоқсан күндері Алматыда өткен болатын. Онда «Алматиночка-Алматы» бірде-бір ойында жеңіліс таппаса, «ЦСКА-ВКС-ҚазАСТ» бір ойынды ғана өз пайдасына шеше алды. Ал «Қазығұрт» - 5, Қуаныш және К» - 6, «Жетісу-2» мен «Оқушылар сарайы» 10 кездесуде жеңіліс тапты.