Волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-туры аяқталды

АЛМАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теміртауда 11-16 қараша күндері волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтті.

Волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан  чемпионатының 1-туры аяқталды

Онда барлық қарсыластарын ойсырата ұтқан Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командасы 17 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Оларға 12 қараша күні 21-25, 16-25, 25-23, 26-24, 15-10 есебімен ұтылған жарыс қожайындары (Спартак АМТ) 13 ұпаймен екінші орын алды. Ал 12 ұпайдан жинаған «Иволга» (Қостанай) мен «Алматы-ЦСКА» 3-4-орындарды бөлісті. Қостанайлықтар Өскемен мен Алматыдан келген құрдастарынан ұтылса, алматылықтар турнир кестесінде 1-2-орын алған «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Спартак АМТ» волейболшыларына ғана есе жіберді. Бұл турда бірде бір ұпай ала алмаған Талдықорғанның «Жетісу-2» командасы болды. Олар 10-орында. Оның алдында 4 ұпаймен Шымкенттің «Қазығұрт» және 7 ұпаймен Павлодардың «Хромтауы» тұр.