Волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтіп жатыр

АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында жарыс қожайындарының

Волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтіп жатыр

«Ұшқын-ҚазҰАУ» командасы жеңіліссіз келе жатыр. 21 ақпанда басталған жарыста олар Павлодардың «Ертіс АҚ АО» (3:0), Атыраудың «Атырау-2» (3:1), Шымкенттің «Динамо-Қазығұрт» (3:2) командаларын ұтты. Ертең Шығыс Қазақстан облысының спортшыларымен күш сынасады. «Семейліктер» бұған дейін атыраулықтар мен қызылжарлықтардан («Есіл-Виктория») 3:0, ал шымкенттіктерден 3:1 есебімен басым түскен болатын. 28 ақпанға дейін созылатын бұл жарыста алматылықтар одан кейін «Есіл-Виктория», «Жайық-Конденсат» (Орал), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен) командаларымен шеберлік байқасады.

Жалпы жоғары лигағадағы 12 команда алғашқы 2 турдың қорытындысы  бойынша екі топқа бөлінген болатын. Онда алғашқы алтылыққа кіргендер бір топқа, ал 7-12 орын алғандар екінші топқа жіктелген еді. Алматыдағы 3-турдың бұл ойындары екінші топтағылар арасында өтуде.