Волейболдан Жоғары лиганың ерлер арасындағы командалары арасында А тобында Өскеменнің «Шығыс ?УМЗ» спортшылары көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше волейболдан Петропавлда аяқталған XVII ел чемпионатында Жоғары лиганың ерлер арасындағы командаларының А тобындағы 4-ші тур ойындарының қорытындысы бойынша Өскеменнің «Шығыс-УМЗ» командасы 40 ұпаймен көш бастады,

Волейболдан Жоғары лиганың ерлер арасындағы командалары арасында А тобында Өскеменнің «Шығыс ?УМЗ» спортшылары көш бастап келе жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Виктория» спорт кешенінде өткен бұл сайыс наурыздың 19-ында басталған болатын. 8 команданың арасында өткен тартысқа толы кездесулерде өскемендіктер топ жарды. Олар барлық ойында қарсыластарын қапы қалдырды. Ал 4 турдың қорытындысы бойынша екінші орында келе жатқан Шымкенттің «ЮКГУ-Қазығұрт» командасының қоржынында да 40 ұпай бар. Дегенмен олар соңғы турда Алматының «ҚазНАУ» командасынан 2:3, Өскеменің «Шығыс-УМЗ» командасынан 1:3, Петропавлдың «Есіл-Виктория» командасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Ал үздік үштікке енген Оралдың «Жайық-Конденсат» командасында - 32, ал турнир кестесін түйіндеп тұрған Теміртаудың «Арселор-Миттал» командасында 24 ұпай бар.