Волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортшы бұл туралы Инстаграм парақшасында жазды.
«Биылғы жылды ең жақсы жардың зайыбы мәртебесі ретінде аяқтаймын», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек осы жылдың жазында Сәбина Алтынбекованың спорттағы жолын италиялық «Волалто Казерта» командасында жалғастыратыны хабарланған болатын. Ол ойын алаңында өнер көрсеткенімен қоймай, команданың өзіндік «бет-бейнесіне» айналады. Яғни, клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық спортшының әлеуметтік желілердегі аудиториясының көптігі клубқа қолайлы болып тұр.