Волгоградта газ жарылып, тұрғын үй опырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Волгоградта тұрғын үйде газ жарылып, 2-ші қабаттан бастап, 9-шы қабатқа дейінгі үйдің жабыны опырылды, деп хабарлады РИА Новости аймақтық шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.

Волгоградта газ жарылып, тұрғын үй опырылды

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс Космонавтар көшесіндегі тоғыз қабатты панельден салынған үйдің 7-қабатында болған, екінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі үй жабыны опырылып құлады және жарылыстан кейін өрт шықты», деді агенттік сұхбаттасушысы.

Оның айтуынша, тұрғындар көшірілуде.