Волгоградта немістердің авиабомбасы табылды

АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Волгоградта Ұлы Отан соғысы кезінен қалған 150 килограмдық немістің авиабомбасы табылды деп жазады Лента.ру.  Оны Гумрак ауылының маңында құрылыс жұмыстары кезінде құрылысшылар тауып алыпты.

Волгоградта немістердің авиабомбасы табылды

РФ ТЖМ хабарлағандай, жылдың басынан бері осы аумақтан 5 бомба табылған. 12 мамырда ростовтық пиротехниктер Ұлы Отан соғысы кезінен қалған 2 бомбаны залалсыздандырған болатын.

Волгоград облысында жылына орта есеппен жүздеген жарылмай қалған бомбалар табылады. Олардың барлығы 1942-1943 жылдардағы Сталинград түбіндегі шайқас кезінен қалған бомбалар болып табылады.