Волгоградта өзін-өзі жарып жіберген жанкешті әйелдің суреті жарияланды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Волгоградта өзін-өзі жарып жіберген жанкешті әйелдің суреті жарияланды. Қазір жарылысты ұйымдастырған қылмыскердің мүрдесі ДНК тексеруге тапсырылды, деп хабарлайды қытайлық БАҚ.
Еске сала кетейік, кеше Ресейде жергілікті уақыт бойынша 12:45-те Волгоград қалалық теміржол вокзалында жарылыс болып, нәтижесінде 16 адам ажал құшты, 34 адам ауыр жарақат алды.
Мемлекеттік терроризмге қарсы комитет басшысы Марчин мәлімдемесі бойынша, жарылыс вокзалдың кіреберісінде қауіпсіздік тексеру аппараты алдында болған.