Волгоградта жарылыс болған үйдің іргесіндегі үйінді астында 14 адам қалған болуы мүмкін - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Волгоградта тұрғын үйде газ жарылып, 2-ші қабаттан бастап, 9-шы қабатқа дейінгі үйдің жабыны опырылды, деп хабарлады РИА Новости аймақтық шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.

Волгоградта жарылыс болған үйдің іргесіндегі үйінді астында 14 адам қалған болуы мүмкін - ВИДЕО

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс Космонавтар көшесіндегі тоғыз қабатты панельден салынған үйдің 7-қабатында болған, екінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі үй жабыны опырылып құлады және жарылыстан кейін өрт шықты», деді агенттік сұхбаттасушысы.

Соңғы сәтерде мәлім болғандай, жарылыс болған жерде үйіндінің астында 10-нан 14 адамға дейін болуы мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

Бұған дейін жарылыс болған жерден 5 адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.