21:10, 29 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Волгоградтағы жарылыс: Жанкешті әйелдің кім болғаны анықталды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейлік күш құрылымдары бүгін Волгоградта лаңкестік жасаған жанкешті әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды «РИА-Новости».

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Волгоградта Мәскеу уақытымен 12.45-те (Астана уақытымен 14.45-те) теміржол вокзалында жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыс салдарынан 14 адам көз жұмды, ондаған адам зардап шекті.
«Нұсқалардың бірі бойынша, лаңкестік актісін дағыстандық Оксана Асланова жасаған болуы мүмкін, алайда бұл ақпаратты тексеру қажет», - деді құқыққорғау органдарындағы дереккөз.
Оның айтуынша, О. Асланова арнайы операция барысында өлтірілген содырлар көшбасшыларының бірінің жұбайы болған.