08:44, 22 Қазан 2013 | GMT +5
Волгоградтағы жарылыс: Жарақат алғандар саны 43-ке жетіп, алты адам қаза болды
ВОЛГОГРАД, 21 қазан. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, лаңкестік акт салдарынан Волгоградта алты адам қаза тауып, 43 адам жарақат алған, оның ішінде 30 адам ауруханаға жатқызылды.

Ресейдің ТЖМ хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиға орнында 150-ден астам адам жұмыс істеуде, дағдарысқа қарсы басқару жүйесі құрылды. Волгоград облысы бойынша ТЖМ Оңтүстік аймақтақ орталығының жедел штабтары жұмысқа кірісті. Мамандар зардап шеккендер мен олардың туыстарына психологиялық көмек көрсетуде.
Еске сала кетейік, жарылғыш құрылғы дүйсенбі күні Волгоградтың Лазорева көшесінде кетіп бара жатқан автобуста іске қосылған. Арнайы қызметтер лаңкестік актіні Мәскеу түбіндегі орыс ваххабиті Дмитрий Соколовтың азаматтық некедегі әйелі Наида Асиялова жасаған деп күдіктенеді.