Volkswagen 2013 жылы автомобильдерінің сатылу көлемі жағынан екінші орынды иеленгенін жариялады
Неміс автоконцерні Volkswagen 2013 жылы сатылған автомобильдерінің саны жағынан американдық General Motors компаниясын өзінен кейін орынға ығыстырғанын жариялайды, деп хабарлайды РБК Reuters-ке сілтеме жасап.
Volkswagen 2013 жылы 9,73 млн автомобилін сатқанын хабарлайды - бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5% көп.
Алайда, бірқатар сарапшылар Volkswagen бұл көрсеткішке жеңіл автокөліктерін ғана емес, осы концерннің құрамына енетін Man компаниясы шығарған ауыр жүк машиналары мен шведтік Scania компаниясының жүк автомобильдерін де енгізгенін айтады. Демек, вольфсбургтік автоконцерн бұрынғыдай General Motors компаниясынан кейінгі орынды еншілейді.
Жеңіл көліктерін сатудан алғашқы орынды иеленген жапондық Toyota Motor-дан кейінгі тұғырдағы General Motors 2012 жылмен салыстырғанда, өткен жылы сатылым көлемін 4%-ға, яғни 9,71 млн-ға арттырған.
Volkswagen автомобильдерінің сатылу көрсеткіші бойынша 2018 жылға қарай Toyota-дан асып түсуді көздеп отырғанын мәлім етті. Алайда, концерннің америка нарығында сатылу деңгейінің 5,2%-ға - 374 мың автомобильге дейін төмендеп кеткенін ескерсек, бұл мүмкін бола қояр ма екен?!
Toyota, General Motors және Volkswagen концерндері бүгінгі таңда автомобиль өндірісі саласының көшбасшылары ретінде әлемге танымал.