Volkswagen АҚШ-тағы дауға байланысты 1 млрд доллар өтемақы төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen компаниясы АҚШ билігімен дизель көліктеріне қатысты дау бойынша келісімге келді. Автоконцерн көлік иелеріне 1 млрд доллардан астам өтемақы төлеуді міндетіне алып отыр. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Былтыр қыркүйек айында автоконцерн дизельдік қозғалтқышы бар автомобильдердің шығаратын зиянды түтініне қатысты тестілерді жалған беріп келгені анықталды. Даудан кейін компания басшылығы ауысты. Америка нарығынан көптеген көлік кейін шақырылды. Компанияға қатысты АҚШ-тың Әділет министрлігі тергеу жүргізуді бастаған болатын.