Volkswagen дизельдік дау-дамайға қатысты АҚШ-қа 4,3 млрд доллар төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автомобиль шығарушы Volkswagen «эмиссиялық дау-дамайды» реттеу үшін АҚШ үкіметіне 4,3 млрд доллар төлеуге келісімін берді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Сонымен қатар, неміс компаниясы бірқатар Америка заңдарын бұзғанына кінәлі екендігін мойындайтындығын мәлім етті.
Volkswagen өкілдері Американың Әділет министрлігі және кеден қызметімен бейбіт келісімге келу жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын екендігін хабарлады.
Компания өкілдерінің айтуынша, онда жалпы сомасы 4,3 млрд доллар қылмыстық және әкімшілік айыппұлдар қарастырылған, сонымен қатар компанияның келесі үш жыл қатарынан тәуелсіз орган бақылайды.
4,3 млрд долларлық айыппұлдар осы дау-дамайға қатысты компания шығынын 19,2 млрд доллардан асырып жібереді.
Еске сала кетсек, бұл дау 2015 жылдың қыркүйек айында шыққан болатын. Америка үкіметі сол кезде Volkswagen компаниясы өзі шығарған дизельдік автомобильдердің шығарынды газдарының деректерін жалған беріп келген деп айыптады.
Компания мәліметтеріне сенсек, жасанды тестілеу нәтижесін беру әлем бойынша дизель двигательді 11 млн машинаны қамтыған.