Volkswagen көлік сатудан әлемде бірінші орынға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс концерні бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша көлік сатудан көш бастады.
None
None

Кәсіпорын сауда жағынан өзінің негізгі бәсекелесі Toyota Motor корпорациясынан озып кеткен. Осы жылдың 6 айында Volkswagen 5,04 млн көлікті өткізсе, жапон компаниясы осы көрсеткіштен 20 темір тұлпарды кем сатқан, деп хабарлайды informing.ru.

Айта кету керек, осыған дейін Volkswagen әлемнің көлік нарығында бірінші болуды қалайтынын бірнеше рет мәлімдеген еді, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар