Volkswagen Қытай нарығындағы 33 мыңнан астам көлігін кері шақырды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Немістің әйгілі Volkswagen компаниясы Қытай нарығында сатылған 33 мың 142 автомобилін дренаждық клапан ақауына байланысты кері шақырды. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік сапаны  бақылау және тексеру басқармасының сайтында жарияланған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Volkswagen Қытай нарығындағы 33 мыңнан астам көлігін кері шақырды

Бұл 2014 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасы аралығында шығарылған Volkswagen Touareg автомобильдеріне қатысты.

Дереккөз мәліметіне сүйенсек, дренаждық клапан ақауы қозғалтқыштағы судың ағып кетуіне әкеліп, салдарынан апаттық жағдай орын алуы ықтимал.

Көлік құралдарын қайтарып алу жұмыстары 30 сәуірден басталады.

фото: publika.md