Volkswagen Қытайдағы 100 мыңнан астам Touareg маркалы көлігін кері қайтарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Volkswagen көлік шығарушы компаниясы қытайлық нарықтан 103 569 Touareg маркалы жол талғамайтын көлігін кері қайтарып алмақ, деп хабарлады ҚХР-дың тауарларды техникалық және карантиндік бақылау бойынша Бас мемлекеттік басқармасынан.
Бұл шешім 2010 жылдың 12 қаңтары мен 2016 жылдың 19 қаңтары аралығында шығарылған автомобильдерге қатысты болады, деп атап өтті "Синьхуа" агенттігі.
18 сәуірде басталатын көліктерді шақырту ондағы тежегіш педальдарын бекітудің тоқтатқыш дөңгелектерінің әлсіреуі проблемасымен түсіндіріледі. Volkswagen шақыртылған барлық көліктерді тексеріп, анықталған ақауларды тегін жоюды жоспарлап отыр.