Volkswagen Қытайдан электромобильдердің жаңа моделін шығармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen Қытайда электромобильдердің жаңа моделін жасамақшы, деп хабарлайды Deutsche Welle .
Бұл елде енгізілген баламалы жанармаймен жүретін машиналардың үлесін арттыру үшін қажет жасалып жатқан қадамдардың бірі.
Volkswagen неміс автоконцерні Қытайдағы электромобильдерді өндіруге қомақты инвестиция құюды жоспарлап отыр. Автоконцерн алдағы жеті жылда елде белгіленген мемлекеттік квотаны орындау үшін жаңа электро- және гибридтік автомобильдерді жасап шығаруға 10 миллиард еуро салмақшы. Бұл туралы 16 қараша күні Қытайдың Гуанчжоуында өткен автокөліктер көрмесінде Volkswagen бөлімшесінің басшысы Йохем Хайцманн (Jochem Heizmann) мәлімдеді.